- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Қаңтар, 2026
Air Astana рейстері Иран әуе кеңістігін айналып өтеді
Air Astana компаниясы кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің Иран әуе кеңістігін айналып ұшатыны туралы хабарлады.
Бұл өзгеріс Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Медина бағыттарына қатысты.
Компания жолаушылардан рейс мәртебесін алдын ала тексеруді сұрайды. Себебі айналып ұшу салдарынан ұшу және қону уақыты өзгеруі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Иран қауіпсіздікке байланысты ел үстіндегі әуе кеңістігін көп рейс үшін жапқанын мәлімдеген.
217 рет
көрсетілді0
пікір






