- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Қаңтар, 2026
Астанада 682 млн теңге жымқырған жекеменшік емханалардың басшысы ұсталды
Астанада екі жекеменшік емхананың басшысы 682 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Тергеу дерегінше, 2022 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен клиникалар арасында 2,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Алайда басшы ем алмаған науқастарға жалған диагноз қойып, көрсетілмеген қызметтерді тіркеген. Күніне жалған тіркелген науқастар саны 90-150 адамға дейін жеткен.
Сот санкциясымен күдіктінің Испаниядағы үйіне, Астанадағы пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды.
Фото: скриншот
227 рет
көрсетілді0
пікір






