- Айна
- 15 Қаңтар, 2026
Алматы ауа райының суытуына дайындалып жатыр
Қардың жауатыны мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Ауа райы болжамы
— қар: 15 қаңтарға қараған түннен 17 қаңтардың кешіне дейін;
— 16 қаңтар: –5…–7 °C;
— 17 қаңтар: түнде –11…–13 °C, күндіз –7…–9 °C.
Қалалық қызметтердің жұмысы
— кезекшілікте 1 000-нан астам арнайы техника бар;
— қар жауар алдында магистральды көшелерге тайғаққа қарсы реагенттер себіледі;
— 210 құм сепкіш техника жұмысқа дайын;
— еңістер, жоталар және жолайырықтары ерекше бақылауға алынған;
— құтқарушылар мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Қала тұрғындарына ұсыныстар
— жүргізушілерге: жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтап, шұғыл манёврлерден аулақ болу;
— жүргізу тәжірибесі аз азаматтарға — мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану;
— жүргіншілерге: тротуарларда және ғимараттардың маңында шатырдан қар құлау қаупіне байланысты сақ болу.
Фото: Sputnik/Ертай Сарбасов
114 рет
көрсетілді0
пікір






