Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2026

Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі өмірден өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тұңғыш Бас мүфтиі, құрметті мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүние салды.

Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі растады.

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылы 14 қарашада дүниеге келген. Көрнекті діни қайраткер. Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, белгілі ғалым.

Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхар педагогикалық институтын бітірген. Ливия университетінде діни білім алған.

123 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз