Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2026

Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты.
Оқиға 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында болған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автобус жол жиегіндегі кюветке аударылған. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 42 жолаушы жарақат алған. Оның 17-і ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз