- Айна
- 16 Қаңтар, 2026
Әкесін ұрып-соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Өз әкесін ұрып-соғып, азаптағаны үшін кінәлі деп танылған түркістандық Алмас Садақбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өткен жылдың қыркүйегінде әлеуметтік желілерде көршісі жасырын түсірген видео тараған болатын. Кадрларда ер адамның үй ауласында қарт әкесін аса қатыгездікпен ұрып жатқан сәті көрінеді. Қарияның беті қан-жоса болған. Ол орнынан тұра алмай қалған кезде, ұлы әйелін шақырып, екеуі оны бірге үйге кіргізген. Кейін зейнеткер қайтыс болды.
Полиция ерлі-зайыптыларға қатысты істі тергеді, алайда әйелге қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша іс дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылды. Марқұмның тірі кезінде дәрігерлердің бақылауында болғаны, жүректің гипертониялық және омыртқа остеохондрозымен ауырғаны белгілі.
Үкім шығарар алдында 41 жастағы Садақбаев соңғы сөзін айтты. Ол жылап, өкініш білдіріп, ағаларынан және Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Сондай-ақ оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін, қазіргі жұбайының жұмыс істемейтінін ескеруді өтінді.
156 рет
көрсетілді0
пікір






