- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Қаңтар, 2026
Шешенстан президентінің ұлы жол апатына ұшырады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол-көлік апатынан кейін Грозный қаласындағы Республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы «Кавказ.Реалии» басылымы хабарлады.
Басылым мәліметінше, Адам Қадыровтың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Дереккөздердің айтуынша, ауруханаға апарар жолдар уақытша жабылған.
Ал телеграмдағы NIYSO дерегінше, Адам Қадыровты Мәскеуге жеткізу мәселесі қарастырылып жатқаны айтылған.
Аталған ақпаратқа байланысты Шешенстан билігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, 18 жастағы Адам Қадыров Шешенстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. 2025 жылдың сәуір айында ол Шешен Республикасының ішкі істер министрлігіне куратор болып тағайындалған. Сонымен қатар Ресейдің арнайы жасақ университетін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне қарасты бірқатар батальондарды қадағалайды.
114 рет
көрсетілді0
пікір






