- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 18 Қаңтар, 2026
Жеке мектептерге қатысты жаңа талаптар енгізіледі
Қазақстанда жеке мектептердің жұмысына қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Алматыда жеке мектеп өкілдерімен өткен кездесуде айтты.
Енді жеке мектептер тек мектеп тапшылығы бар өңірлерде ғана ашылады. Атап айтқанда:
• үш ауысымда оқытатын мектептерді алмастыру үшін;
• апатты жағдайда тұрған білім ошақтарының орнына;
• мемлекеттік мектептер жетіспейтін аймақтарда ғана лицензия беріледі.
Сонымен қатар жеке мектеп құрылтайшыларының жауапкершілігі артады. Олар:
• білім сапасына,
• мұғалімдердің кәсіби деңгейіне,
• оқушылардың қауіпсіздігіне заң жүзінде жауапты болады.
Мектеп директорларын тағайындау тәртібі де өзгереді. Бұдан былай директорды тек құрылтайшы емес, салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімімен бекіту жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда елде лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар, оның 785-інің құжаттары цифрландырылған. Үкімет жаңа ашылатын жеке мектептерге мемлекеттік тапсырыс беруге мораторий жариялауды көздеп отыр.
133 рет
көрсетілді0
пікір






