Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2026

«НИШ»-ке құжаттарды онлайн тапсыруға болады

 

«НИШ» дегенді бірден түсініп отырсыздар. Қазақшасы — НЗМ — Назарбаев зияткерлік мектептері.

Қабылдау eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында жүріп жатыр.

Құжатты қазір 6-класта оқып жүрген балалардың ата-анасы немесе заңды өкілі тапсыра алады. Конкурс, әлбетте, 7-класқа қабылдау үшін өткізіледі.

5 қаңтарда басталып кеткен өтінім қабылдау процесі 9 ақпанға дейін жалғасады.

eGov.kz порталындағы қызметті пайдалану үшін:

* eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өтесіз;

* «Азаматтарға» → «Білім беру» → «Орта білім» бөлімін таңдайсыз;

* «ҚР Президентінің «Өркен» білім беру гранты конкурсына құжат қабылдау» қызметін таңдайсыз;

* өтінішті толтырып, жүйе сұратқан құжаттарды тіркейсіз;

* өтінімді өзіңізге ыңғайлы «қол қою» тәсілінің бірімен растайсыз;

* жеке кабинетте «Қызмет алу тарихы» бөлімінен өтінімнің өңделу статусымен танысасыз.

Өтінім беру — тегін. Сервис eGov-та алғаш рет толық автоматтандырылып отыр. Жеке куәлік пен туу туралы куәлік деректері жүйе арқылы өзі тартылады.

Егер бала Қазақстанда оқымаған болса, мектептен анықтама немесе табельдің электронды көшірмесін және 3×4 фотоны қосып тіркеу керек болады.

Егер қаласаңыз, әрине, құжатты НЗМ филиалдарына барып офлайн да тапсыруға болады. 

126 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз