Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қаңтар, 2026

Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні қорытындыланды

Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы күні қорытындыланды.
Бүгін құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму», «Білім және ғылым», «Азаматтық қоғам», «Экономикалық даму» секцияларына қатысып, осы салаларда қордаланған, жүйелі шешімін табуға тиіс мәселелерді талқыға салды.
Сондай-ақ құрылтайдың бұған дейінгі жұмыс отырыстарында айтылған ұсыныстар да пысықталды. 
Секциялар Ұлттық құрылтай мүшелері өз пікірлерін әріптестерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен тікелей талқылай алатындай диалог форматында өтті. Жиын барысында көтерілген бастамалардың барлығын Ұлттық құрылтай хатшылығы зерделеп, алдағы уақытта жүзеге асуына ықпал етеді.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың негізгі жиыны ертең, 20 қаңтар күні, өтеді. 

161 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз