- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 20 Қаңтар, 2026
Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы қалай өзгерді
2025 жылдың IV тоқсанында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2% өскен. Өңірлік бөліністе коммерциялық мүліктің жалдау бағасы Ұлытау облысында 0,2% арзандаса, ең жоғары өсім Астана қаласында тіркелді – 6,8%.
Бағаның ең жоғары өсімі киоскілерді жалға алуда байқалды – өсім 23,1%. Сондай-ақ фитнес-клубтар мен жаттығу залдарын жалға алу бағасы 8,6%, мейрамханалар бойынша 6,1% өсті. Дәріханаларды жалға алу құны 5,7%, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері мен сервистік үй-жайлар 5,1% қымбаттады.
Сауда жайлары мен әкімшілік-кеңсе мақсатындағы нысандарда жалдау бағасы бірдей өсім көрсетті – әрқайсысы 4,8%-дан. Қойма жайларын жалға алу ақысы 4%, ал шаштараздар мен сұлулық салондарын жалдау 3,3% артты.
Фото: pixabay.com
231 рет
көрсетілді0
пікір






