Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қаңтар, 2026

Президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, екі ай ішінде кезектен тыс сайлау өтуі тиіс

Мемлекет басшысы кәсіби заңгерлердің Конституция мәтініне қатысты пікір білдіргенін айтып, негізгі заңның кейбір тұстарын нақтылау қажет екенін жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі Конституцияға сәйкес, Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі. Егер Сенат төрағасы мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіппен басқа лауазымды тұлғаларға өтеді.

Алайда «қалған мерзім» ұғымы нақты емес. Ол 6 ай да, 6 жыл да болуы мүмкін. Сондықтан Мемлекет басшысы: Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтуі тиіс деген норма Конституцияда нақты көрсетілуі қажет екенін айтты.

Бұл халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Мемлекет басшысының айтуынша, ел басшысы билікке тек сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл – өзгермейтін қағида болуы тиіс.

Фото: Ақорда

72 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз