Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қаңтар, 2026

Елімізде Конституциялық комиссия құрылады

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа аясында Конституцияның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланғанын, алайда жұмыс барысында түзетулер саны бұдан да көп болатыны анықталғанын айтты.

Оның сөзінше, 2022 жылғы реформаның өзінде Ата заңның 33 бабы жаңартылған. Ал алдағы өзгерістер көлемі бұдан да ауқымды. Сондықтан бұл үдеріс жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам болмақ.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Арнайы Жарлыққа жақын күндері қол қойылады.

Комиссия құрамына 100-ден астам адам енеді. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары, қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Комиссия жұмысына Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.

Комиссия барлық ұсынысты жан-жақты сараптап, қорытындылап, нақты өзгерістер жобасын әзірлейді. Одан кейін жалпыхалықтық референдум өтетін уақыт белгіленеді.

80 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз