Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Қаңтар, 2026

Оралда өрт кезінде 6 адам құтқарылды

ТЖМ өртсөндірушілері өрт кезінде 6 адамды құтқарды.
Орал қаласында, Самал көшесінде, тоғыз қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы баспалдақ алаңында жеке заттар өртенді.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар баспалдақ маршы арқылы 6 адамды, соның ішінде 4 баланы құтқарды. 30 тұрғын өз бетінше эвакуацияланды
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт шағын аумақта сөндірілді.
ТЖМ азаматтарды баспалдақ маршыларын және алаңдарын жанғыш материалдармен, жиһаздармен және жеке заттармен толтырмауға шақырады, себебі бұл эвакуацияға кедергі келтіріп, өрттің таралу қаупін арттырады.

204 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз