- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Қаңтар, 2026
Алматы облысында оқушы мектепте көз жұмды
Алматы облысындағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл туралы білім басқармасы хабарлады.
Оқушы бірінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде өзін кенеттен жайсыз сезінген. Мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырып, ата-анасына хабар берген. Сол сәтте баланың жанында осы мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әжесі болған.
Дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Қайтыс болу себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: ult.kz
229 рет
көрсетілді0
пікір






