- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 22 Қаңтар, 2026
Шымкенттік полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкент қаласында 21 жастағы студент Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты полиция қызметкерлерінің салғырттығы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі басшысының орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қылмыстық іс жәбірленушінің арызын тіркемеген полиция қызметкерлеріне қатысты тергеліп жатыр. Қазіргі таңда тергеуді ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізуде.
Тексеру нәтижесінде бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылған. Жауапкершілік ең алдымен аудандық полиция басқармасының басшылығына жүктеледі. Сонымен қатар Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығына да құқықтық баға берілетіні хабарланды.
Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында.
228 рет
көрсетілді0
пікір






