Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қаңтар, 2026

Ұлан ауданын сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жұмысы аяқталды

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында сумен жабдықтау жобаларының іске асырылу барысымен танысты.Комитет төрағасы Асубұлақ кенті мен Ұлан ауданының Бозанбай ауылында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау жобалары бойынша атқарылған жұмыстарды қарап шықты.

Аталған жобалар елді мекендерді тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және Ұлан ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Сумен жабдықтау мен инженерлік нысандардың жай-күйін тексеру барысында Комитет төрағасы атқарылған жұмыстардың сапасына, жүйелі ұйымдастырылуына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Бақытжан Жүнісбеков Ұлан ауданы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесіне белсенді әрі уақтылы қосылуының маңыздылығын атап өтті.

Фото: t.me/minpromstroykz

128 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз