- Шартарап
- 23 Қаңтар, 2026
Ғылым және жоғары білім министрі Coventry University-ге барды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Coventry University барды.
Bett UK 2026 халықаралық көрмесі аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Coventry University барды. Кездесу барысында университеттің негізгі академиялық және ғылыми-зерттеу құрылымдарының бірі саналатын инженерия мектебінің қызметіне ерекше назар аударылды.
Сапар аясында министр Coventry University ректоры Джон Лэтэммен, халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Ричард Уэлспен, сондай-ақ университеттің жетекші мамандарымен кездесу өткізді. Тараптар академиялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Coventry University Қазақстандағы қатысуын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Министрге автомобиль инженериясы мен авиақұрылыс салаларындағы университеттің озық әзірлемелері, сондай-ақ жаңа буын инженерлерін даярлауда қолданылатын инновациялық технологиялық шешімдер таныстырылды.
Фото: https://t.me/gylym_jogary_bilim
187 рет
көрсетілді0
пікір






