Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Қаңтар, 2026

Ақтөбе облысының көпбейінді ауруханасында ревматологиялық бөлімше ашылды

Ақтөбе облысында мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында көпбейінді аурухананың базасында ревматологиялық  бөлімше ашылды. 
Бейіндік бөлімшенің ашылуы ревматологиялық аурулардың ерте диагностикасын жақсартуға, емдеуді уақтылы бастауға, асқыну қаупін азайтуға және пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға жағдай жасайды.
Ревматологиялық бөлімшенің жұмыс істеуі созылмалы қабыну және аутоиммундық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің жүйелі тәсілін қалыптастыруға, сондай-ақ пациенттерді өңірден тыс жерлерге жіберу қажеттілігін төмендетуге ықпал етеді.
Денсаулық сақтау министрлігі толық көлемде пайдаланылмайтын тәулік бойғы стационарлардың шамамен 14 мың төсегін кезең-кезеңімен оңтайландыруды жүргізуде. Жұмыс төсек қорын сырқаттанушылық құрылымы мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, барынша талап етілетін және клиникалық маңызды бағыттарға қайта бейіндеу жолымен жүргізіледі.
Облыстық ауруханаларды өңіраралық медициналық хаб ретінде жаңғырту шеңберінде 2 700 төсекті қайта бейіндеу көзделген.

Фото: gov.kz/memleket/entities/dsm

142 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз