- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қаңтар, 2026
Қарағандыда Серік Сәпиевке қатысы бар қылмыстық іс тіркелді
Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындады.
Жанжал 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған.
Ақпаратқа Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.
“Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды”, - деді полиция.
241 рет
көрсетілді0
пікір






