- Безбен
- 23 Қаңтар, 2026
Кешенді көріктендіру жобаларын талдау
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылатын кешенді көріктендіру жобаларын талдау қорытындысына арналған кеңес өткізді.
Жиын барысында қаланың барлық ауданында негізгі магистральдан бастап аудандық маңызы бар көшелерге дейінгі аумақтар қаралды. Сондай-ақ, тұрғын үйлердің қасбетін жаңғырту, сәулеттік шешімдер, көріктендіру стандарттары, қолданылатын материалдар және жобаларды жүзеге асыру кезеңдері талқыланды. Қала басшысы кешенді тәсілдің маңызын атап өтті. Көріктендіру жұмыстары ғимараттардың қасбеті, тротуарлар, жарықтандыру, көгалдандыру, навигация және көлік қозғалысын ұйымдастыру сынды көше кеңістігінің барлық элементін қамтуға тиіс.
Аудан әкімдіктері мен жауапты басқармаларға жобаларды үйлесімді түрде жүзеге асыруды қамтамасыз ету, бірыңғай стандартты сақтау және орындалу мерзіміне бақылау жүргізу тапсырылды.
178 рет
көрсетілді0
пікір






