- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан UEFA рейтингінде бұрынғы орнын сақтап қалды
Қазақстан Чемпиондар лигасы жетінші турынан кейін UEFA коэффициенттер рейтингінде бұрынғысынша 37-орнын сақтап қалды.
Коэффициент төмендегіше нәтижені білдіреді. Оған ағымдағы маусымның орташа мәні (жинаған ұпай жалпы саны еуромаусымға қатысып жатқан қауымдастық клубтарының санына бөлінеді) және алдыңғы төрт маусымның нәтижесі ескеріледі. Коэффициенттер тең болған жағдайда өткен маусымдағы жоғары коэффициентпен байланыс назарға алынады.
Рейтинг бойынша Англия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда Италия, Испания, Германия, Франция, Нидерланд, Португалия, Бельгия, Түркия, Чехия келеді.
Сондай-ақ Финляндия 35, Косово 36, Босния және Герцоговина 38, Лавтвия 39 орынға жайғасқан.
120 рет
көрсетілді0
пікір






