- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 24 Қаңтар, 2026
Мектеп басшылары екі жылда 895 үй алып, 192 көлік тізгіндеген
Жекеменшік мектеп басшылары екі жылда 895 баспана алған. Мемлекеттік аудит нәтижесінде 116 басшының құйтұрқы әрекеті әшкере болған. Тағы 66 адамның 192 көлік тізгіндегені мәлім болды. Білім саласында жүргендер қазына қаржысын қолды қылудың түрлі айласын ойлап тапқан. Атап айтсақ, оқушыларды әр мектепке ауыстырып, қайта тіркеу арқылы бала санын көбейткен. Ол аз десеңіз, тар коттеджді мектепке айналдырып, ішіне үш есе көп оқушыны сыйғызған. Одан қалды, салықтан жалтару үшін табысын жасырып келген. Ең сорақысы, күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны да қолды қылыпты. Тексеріс элиталық мектептерге қаржының бытыраңқы әрі бақылаусыз бөлінгенін көрсеткен. Қазір саладағы олқылықтарды жою үшін арнайы цифрлық платформа іске асады.
102 рет
көрсетілді0
пікір






