Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Тамыз, 2014

«Нұр Отан» елордалық мемлекеттік органдардың сайттарын сынға алды

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сапар Ахметов елордалық мемлекеттік органдар сайттарының контентін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, қалалық Саяси  кеңесінің кеңейтілген отырысында ол мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми сайттары арқылы ашықтық пен қолжетімділікті белсенді жүзеге асыру керектігін атап өтті. С. Ахметовтың пайымынша, осы бағыттағы жұмыстарда айтарлықтай кемшіліктер орын алып отыр.

«Мәселен, «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңына сәйкес Интернет-ресурстар ақпараттың белгілі бір көлемін қатаң түрде қамтуы тиіс. Алайда, Астананың бірқатар мекемелерінде, яғни мұрағаттар және ақпарат басқармасында, білім саласын бақылау департаментінде, сот актілерін орындау департаментінде, статистика департаментінде, дін істері бойынша басқармасында және басқаларында өтініш құжаттары үлгілерінің болмауы, «сұрақ-жауап» сервисінің жоқтығы, бос қызмет лауазымдары туралы мәліметтердің қамтылмауы секілді бағыттарда аталған заңнаманы бұзушылық анықталған. Сонымен қатар, ағымдағы жаңалықтар лентасын жаңарту жұмыстары дұрыс жүргізілмеуде»,- деді ол.

930 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз