- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Қазан, 2014
Сенатқа сайланған 16 депутат ресми тіркелді
Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылдың 1 қазанындағы сайлауда сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын ресми тіркеді. Шара барысында ОСК Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сенаторларға тиісті куәліктері мен белгіленген үлгідегі кеудеге тағатын белгілерді табыс етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2014 жылдың 1 қазан күні өткен сайлауда аймақ халқының атынан өкілдік ететін мәслихат депутаттары 16 адамға сенімдерін білдіріп, бүгін олар Сенат депутаттары ретінде ресми тіркеуден өтті. Парламент депутаты болу - үлкен абырой. Бұл әрбір депутаттың алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі Конституция бойынша хаықтың және мемлекеттің атынан билік ету құқығы Елбасы Президентке және конституциялық өкілеттігі шегінде тек қана Парламентке берілген. Сондықтан бұл жауапкершілікті мен терең сезінемін әрі түсінемін», - деді ресми шара аяқталғаннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.
Оның атап өтуінше, Сенат депутаттары алдағыдағы ең басты міндет - бұл қазақ елінің егемендігін сақтау, мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз ету, Қазақстанның әрбір азаматының әлеуметтік жағдайын жақсарту.
«Бұл бағытта Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген бағыттарын іске асыруға тиісті сапалы заңдарды қабылдау маңызды міндеттердің бірі деп есептеймін», - деді ол.

637 рет
көрсетілді0
пікір