Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қазан, 2014

Қазақ тілді журналистер арасында V шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады

Еуразиялық Топ ENRC-дің үздік дәстүрлерін жалғастырып, «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге V шығармашылық «Алтын қалам» байқауының жалғасып жатқандығы туралы хабарлайды ҚазАқпарат. Байқауға республикалық және өңірлік басылымдардың, теледидар, радио және Интернет басылымдарының журналистері қатыса алады .
Байқаудың мақсаты - тау-кен және металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы мен ҮИИД бағдарламасының жобаларының жүзеге асырылуы, еңбек адамдары туралы жазған журналистерді анықтап, марапаттау. Байқау қорытындысы мен журналистерді марапаттау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады. Материалдарға қойылатын талаптар: -       Байқауға жолданған материалдар тау-кен және металлургия саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, салалық мәселелер мен салада қызмет ететін еңбек адамдары туралы болуы қажет; -       Материалдар республикалық және өңірлік қазақ тілді басылымдарда, Интернет басылымдарында немесе телеарналар мен радиода 2014 жылы жарық көрген болуы қажет. Жолданған материалдарда басылымның, телеарнаның немесе радионың атауы, материалдың мерзімі мен авторы көрсетілуі керек; -       Кемінде үш материалдың (мақала, теле-, радиосюжет) түпнұсқасы қабылданады; -       Материалдар 2014 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады; -       Материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды. Материалдарды бағалау өлшемдері:   -       Ақпараттық құндылығы. -       Сараптамалық тереңдігі. -       Тақырып өзектілігі. -       Журналистік шеберлігі. Байқау жеңімпаздарына белгіленген сыйлықтар Конкурс қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындар белгіленген: 1 орын - бір аталым - 500 мың теңге; 2 орын - екі аталым - 400 мың теңгеден; 3 орын - үш аталым - 300 мың теңгеден.   Материалдарды «Байқауға» белгісімен мына мекенжайға жіберу керек: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме. Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: тел: +7 (7172) 592-218, ұялы тел: 8-701-960-69-72, yerzat.tursunkulov@erg.kz

2703 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз