Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қазан, 2014

«Жазылушылар күніне» шақырамыз!

Осы аптаның жұма күні, яғни 17 қазанда, таңертеңгі сағат 10 да, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 134  мекенжайында орналасқан  Алматы почтамты офисінің операциялық залында «Жазылушылар күні» өткізіледі. Дәстүрлі іс- шара Дүниежүзілік почта күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылып отыр және оның мақсаты- тұрғындарды мерзімді баспасөз басылымдарымен таныстырып, қызығушылығын арттыру, 2015 жылға баспасөзге жазылу науқанына қолдау көрсету.             Бұл іс-шарада мерзімді басылымдар мен кітаптардың бөлшек саудасы  ұйымдастырылады. Оқырмандарға көрмелік стенділер, жарнамалық материалдар арқылы әр түрлі газет-журналдармен танысудың мүмкіндігі жасалады. «Жазылушылар күнінде» өзіңіз қалаған басылымдарды  жеңілдетілген бағамен жаздырып аласыз.Түстен кейін осы күні баспасөзге жазылған оқырман түбіртектерінің арасында ұтыстарға арнайы тағайындалған сыйлықтар табысталады.             Біздің «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың барлығы да «Жазылушылар күніне» белсенділікпен қатысып, арнайы көрмесін орналастырады. Оқырмандарымызды аталмыш іс-шараға келіп, келесі жылға жазылуға, басылымдарымызбен жақынырақ танысуға шақырамыз!

812 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз