- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 16 Қазан, 2014
Инчхонда өтетін Азия параойындарына елордадан 11 спортшы аттанды

18 қазанда Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында Азия параойындары ашылады. Биыл Қазақстан құрамасына 84 мүмкіндігі шектеулі спортшы енді.
Олар тоғыз спорт түрінен (садақ ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқ ату, жүзу, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, арбамен билеу) Азия елдерінің атлеттерімен күш сынасатын болады. Жалпы, жарысқа әлемнің 40 жуық елінен 4800 спортшы қатысады.
Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының хабарлауынша, Азия параойындарына Астанадан мүмкіндігі шектеулі 11 спортшы аттанды. Олар үш спорт түрінен бәсекеге түседі. Жүзуден Михаил Еременко, Сиязбек Далиев, Әнуар Ахметов, Әлібек Уақпаев, Диана Сүтпаева мен Надежда Ли жарысқа түседі. Жеңіл атлетикадан Бейбарыс Болатов пен Мадина Балқожаева жүлдеге таласады. Ал арбамен билеуде Ардақ Отарбаев, Қарлығаш Тынабекова пен Айдана Бегленова өз өнерлерін көрсетеді.
24 қазанда параойындардың жабылу салтанаты өтеді.
Еске салайық, Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен параойындарда алты спорт түрінен 74 спортшы ел намысын қорғады. Қазақстанның құрама командасы 7 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 23-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды astana.kz.

533 рет
көрсетілді0
пікір