
Бүгін,16 қазанда М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Білім басқармасының Гуманитарлық колледжі «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Мұндағы мақсат кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету болып табылады.
Конференцияға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Иманғалиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры С.Мадеев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, сонымен бірге облыстық, Астана, Алматы қалалық Білім беру басқармаларының, Республикалық ғылыми-тәжірибелік, ғылыми-әдістемелік орталықтарының және ТжКБ педагогикалық білім беру мекемелерінің басшылары қатысады.
Конференцияның секциялық жұмысы 4 бағытта өтеді.
Алқалы жиынға Қазақстан мен Ресей Федерациясының 45 педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерінің өкілдері қатыспақ.
Сондай-ақ, конференция аясында кәсіптік білім беру саласындағы іс-тәжірибелерді таныстыру мақсатында «Кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту. Негізгі үрдістер» атты тақырыптық көрме экспозициясы ұйымдастырылады.