- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қазан, 2014
Ералы Тоғжанов БҰҰ өкілімен кездесті

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азияға арналған өңірлік өкілі Элизабет да Коштамен кездесті.
Кездесуге сонымен қатар ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель қатысты. Е.Тоғжанов Элизабет да Коштаны ҚХА-ның құрылу тарихымен, конституциялық мәртебесімен, оның міндеттері мен этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайту бойынша атқарылып отырған жұмыспен, ҚХА атынан сайланған депутаттардың қызметімен таныстырды. Өз кезегінде Элизабет да Кошта Еуропалық Одақтың «Орталық Азиядағы тұрақтылық үшін адам құқықтарын қорғау» жобасының шеңберінде өткізілген іс-шаралар туралы баяндап берді. Кездесу барысында Елбасы, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың этносаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі саяси жігері атап өтілді. Е.Тоғжанов ҚР Президенті Қазақстанда 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы деп жариялағаны жөнінде айтып, Өңірлік өкілді ҚХА-ның XXII мерейтойлық сессиясына шақырды. Кездесу соңында меймандарға Бейбітшілік және келісім сарайында экскурсия ұйымдастырылды.

811 рет
көрсетілді0
пікір