- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қазан, 2014
НМАОБТ «Астана Опера» театрымен келіссөз жүргізбек

28 қазан «Астана Опера» сахнасында алғаш рет Новосібірлік опера және балет театрының труппасы өнер көрсетеді.
Бұл күні Ресейлік труппа тек Новосібірлік опера және балет театрының сахнасында ғана тамашалауға болатын сүзгіден өткен репертуарының «хиттарын» - Р. Петидің «Кармен» балетін және бір актіден тұратын Э. Льянгтің «Түн ішіндегі сыбыр» балетін астаналық көрермендерге паш етеді.
НМАОБТ директоры Борис Мездрич: - Достығымыз жарасқан мемлекеттің астанасына соңғы он жылдан бері алғашқы рет барғалы отырмыз. Біз бір-бірімізге айтарлықтай жақын орналасқанбыз, дегенмен екі ірі театр ұжымы - «Астана Опера» мен Новосібірлік опера және балет театрының кездеспегені олқылық болды және біз мұның орнын толтырамыз, әрине. Менің ойымша, біздің бір-бірімізге деген қызығушылығымыз ұзағынан болады, - деген Борис Михайлович «Біз көрерменмен, Астана қаласының теарт сүйер қауымымен таныссақ деп едік, театрды да көріп, оның техникалық, кәсіптік тұрғыдан мүмкіндіктерімен, өзіміз қандай жағдайда жұмыс жасайтынымызбен танысып қайтсақ деген ойымыз бар. Біз театр басшылығымен екі жақты қызықтыратын сұрақтарды талқыласақ, болашақта жүзеге асатын түрлі бағыттағы екі жақты алыс-беріс жайлы келіссек деп едік. Сол себепті біз балет ұжымын да, опера солисттерін де ала келдік. Өкінішке қарай бұл жолы оркестр мен хорымызды әкеле алмаймыз, дегенмен келіссөз барысында гастрольге толыққанды спектакльдер әкелу жайын қозғамақшымыз» деп атап өтті.

773 рет
көрсетілді0
пікір