Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қазан, 2014

Кеден одағында SWIFT жүйесінің аналогын құру мүмкіндігі талқылануда

 

Ресей, Беларусь және Қазақстан SWIFT  халықаралық банкаралық ақпарат алмасу жүйесінің өз аналогын құру мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлады РИА Новости Беларусь Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Сергей Дубковқа сілтеме жасай отырып.

«Беларусь Ресей мен Қазақстан сияқты SWIFT жүйесін пайдаланады. Бірақ бұл бізде төлем ақпаратының сақталуы тұрғысынан бақылауымыздағы, жайлы өзара іс-қимылдың басқа арналары болмауы керек дегенді білдірмейді», - деді ол.

С. Дубков үш елдің орталық банктері «Ресей мен Қазақстанда құрылған ұлттық төлем жүйелері мен БЕЛКАРТ (Беларусь ұлттық төлем жүйесі)» бірлесіп және бұл сервис азаматтарға да, кәсіпорындарға да көрсетілуі үшін ұлттық төлем жүйелерін интеграциялау бағытында жұмыс жүргізіп жатқандығын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық төлем жүйелерін интеграциялау тек банктік төлем карточкаларын біріктірумен шектелмейді. Банкаралық өзара іс-әрекетті ұйымдастыу қажет, басқаша айтқанда, SWIFT ақпарат беру және төлем жасау халықаралық жүйесінің аналогын құруы тиіс.

SWIFT арқылы 6 трлн. доллардан  астам төлем карточкалары өтеді,  оған 210 елден 10 мыңнан астам қаржы ұйымдары қатысады.     SWIFT жарғысы бойынша жүйеге қатысатын әр елде  SWIFT  мүшелері мен пайдаланушыларының ұлттық тобы құрылады.

ҚазАқпарат.

 

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз