Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қазан, 2014

Кирсан Илюмжинов Астанада жас шахматшылармен кездесті

 

FIDE президенті, бұрынғы Қалмақ Республикасының президенті Кирсан Илюмжинов 23 қазанда Астанаға жұмыс сапарымен келді, онда Қазақстандағы шахматты дамыту жөнінде, ФИДЕ «Мектептегі шахмат» бағдарламасын бірлесіп іске асыру, сондай-ақ халықаралық шахмат турнирлерін өкізу жайында бірқатар кездесулер өткізді.

Сапар аясында қонақ Х. С. Омаров атындағы шахмат клубы оқушыларымен кездесті. Қалалық шахмат клубы 1977 жылы құрылған, қазірде клубта 400-ден астам оқушы бар, мұнда көптеген дарынды шахматшылар тәрбиеленген.

Еске сала кетсек, Кирсан Илюмжинов Фиде президенті болып қайта сайланды. Нақтырақ айтқанда, 1 тамызда норвегиялық Тромсёде халықаралық шахмат федерациясы бас ассамблеясының отырысында Кирсан Илюмжинов таяу төрт жылға ұйым президенті болып қайта сайланды. Кирсан Николаевичтің бас қарсыласы шахмат бойынша 13 дүркін әлем чемпионы Хоравтия мен Бутан Королдігі атынан шыққан Гарри Каспаров болды.

ҚазАқпарат.

 

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз