Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2014

Павлодарлық ғалым жаңа жылу жүйесін ойлап тапты

Павлодарлық ғалым дизельдік отынның зиянды қалдығын 3 есеге азайтуға мүмкіндік беретін жаңа жылу жүйесін ойлап тапты.

 Өнертапқыштың бұл еңбегі дәлелденіп, инновациялық бизнес-жоспарлары байқауында бас жүлдеге лайық деп танылды. Жеңімпазға 7,5 млн. теңге сыйақы берілді. Ол бұл қаржыны дизельдік қозғалтқыштарға арналған жылу жүйесін жетілдіруге жұмсамақ. Ғалым елімізде жаңа жылу жүйесін шығаратын зауыт салуды ұсынып отыр. Дегенмен, мұндай өндіріс орны елімізде, тіпті Орталық Азияда жоқ екен. Ал жоба қолдау тапса, экологияға келер пайда шаш етектен көрінеді. Әбілхан Қарақаев,техника ғылымдарының докторы: - Біріншіден, жанармай үнемделеді. Экологияға пайдасы да орасан.Ауаға таралатын түтінді 40%-ға азайтады. Бұл Алматы секілді ірі қалаларға керек-ақ. Қазір Алматының 75% ауа райын автокөліктер құртады. Жоба жүзеге асса, кемінде оның зияны 40%-ға азаяды.

baq.kz

643 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз