- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 25 Қазан, 2014
Отандық фармацевтикалық өндіріс 80 кәсіпорыннан тұрады

Қазақстанның фармацевтикалық өндірістік секторының дамуы – күрделі, көп ембектенуді қажет ететін, қымбат, сонымен қатар қазақстандықтардың денсаулығына және игілігіне қажет ететін үдеріс. Отандық фармацевтикалық өндіріс 80 кәсіпорыннан тұрады деп хабарлайды ҚР ДСӘМ баспасөз қызметі.
Айтуынша 6 ірі зауыттың үлесіне Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмектің 90% келеді, олардың ішінде «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ», БК «Глобал Фарм», «Ромат» фармацевтикалық компаниялары, «Hуp-Май Фарм» ЖШС, Қарағанды фармацевтикалық кешені. Фармацевтикалық кадрларды даярлауды жетілдіру үшін ОҚМФА Европадағы ірі фармацевтикалық кәсіпорын Polpharma және Гданськ медициналық университеті стандарттары бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы ашылған. Сондай-ақ Қазақстан Кедендік одаққа кіргелі бері отандық өндірушілер үшін сату нарығы кеңейді, бұл шетел инвесторларын қызықтырып, Polfarma (Польша), Фармстандарт (Россия), Abdi Ibrahim (Турция), Favea (Чехия) біріккен өндірістер ашылды. Фарминдустрия көшбасшылары заманауи технологиялар ендіріп жатқандығын айтады. Бүгінде Қазақстанның оңтүстігінде фармацевтикалық кластер құру жайында мәселе үкімет деңгейінде қойылуда, бұл сала дамуына жаңа қарқын берері сөзсіз. Сондықтан болашаққа көз жүгірте отырып, жылдам және қарқынды дамып келе жатқан фармацевтикалық өндіріске қажетті кадрлық әлеуетті даярлау керектігін айтып өткен жөн.

1238 рет
көрсетілді0
пікір