Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 04 Қараша, 2014

Театр – өнерлі адамдардың мекені

Үстіміздегі жылы Кеңестер Одағының халық әртісі, Сыр елінің түлегі, жалпы қазаққа ортақ өнер иесі Сәбира Майқанованың 100 жылдығы тойлануда. Қайраткердің бүкіл шығармашылық өмірі өткен Алматы қаласында, өзі еңбек еткен қарашаңырақ — М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында «Өнердің алып анасы» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ұлы актрисаның әрбір рөлі баға жетпес құнды кейіпкерлер еді. Халықтың сүйікті тұлғасына берген бағасы – «театр Анасы». Өнер иесін еске алуға театр және кино майталмандары жиналады. Асанәлі Әшімов, Әшірбек Сығай, Жеңіс Ысқақова, Медеу Арынбаев, Рамазан Стамғазиев және т.б. өнер жұлдыздары, болашақ сахна иелері кешке қолдау көрсетті. Кешті жүргізген  танымал актер Азамат Сатыбалдының сөз саптауы, өзін еркін ұстауы айтарлықтай керемет болды. Айта кетейік, Сәбира Майқанова – актриса, Қазақстан (1958) және КСРО (1970) халық артисі. 1932 жылы қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Шығармашылық жолы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі – Б.Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Бұдан кейін ол замандас құрбыларының сахналық бейнесін жасады. Роза (Д.Рахманқұлов, «Документ»), Зотова (В.М. Киршон, «Астық»), Рая (М.Әуезов, «Алма бақ»), Гүлжәмила (Әуезов, Ә.Тәжібаев, «Ақ қайың»), Любовь Яровая (К.А. Тренев, осы аттас пьеса), Әлжан (Әуезов, «Абай» романы бойынша), Зейнеп (С.Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»), Мақпал (Ғ.Мүсірепов, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»), Толғанай(Ш.Айтматов, «Ана – Жер-Ана», Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы, 1967), Кесария (О.Ш. Иоселиани, «Арбаң аман болсын»), Тхань (И.П. Куприянов, «Вьетнам жұлдызы») сияқты аяулы аналар обра зын мүсіндеп, сахна суреткері ретінде танылды. Жазушы Д.Исабеков актрисаға «Мұрагерлер» драмасын арнады, осы пьеса бойынша қойылған спектакльде Майқанова басты рөл – Салиқаны ойнады (1983). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. Сәбира Майқанова анамыз орындаған Сәлиха рөлін  еліміздің танымал актрисасы Роза Әбдінәбиева сахнаға  алып шықты. Монологтың сөздері дәл бүгінде маңызын жоймаған өзекті мәселені еске түсірді, көз алдымызға театр анасыныі бейнесі елестеді,дауысы құлағымызға  келгендей болды.Театр қайраткерлері айтқан сан сырлы,өте әсерлі естелік  әңгімелерден соң Қазақстанның нңбек сіңірген әртісі Торғын Тасыбекова  « Бір  тамаша ән үшін» деп сұлу сазды әуенмен көрермен қауымды баурап алды. Айта кететін жәйт өнердің алып анасының туған қызы Гүлдәрі Әбдірқызы халық алдында анасының тамаша мінезі, қасиеттері, ерекше елгезектігі туралы шынайы көңілмен сыр шертті. Кеш бойы театр анасы Сәбира апа сомдаған рөлдерді видеороликтер көрсетіп тұрды.   Салтанат ҚАЖЫКЕН

1690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз