Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Қараша, 2014

Даниал Ахметов ШҚО әкімі болып тағайындалды

Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ШҚО активіне жаңа әкімді таныстырды. Облыс  әкімі лауазымына Даниал Ахметов тағайындалды.

Даниал Кенжетайұлы Ахметов - 1954 жылы 15 маусымда дүниеге келді. 1976 жылы Павлодар индустриалдық институтын аяқтады (қазіргі  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті).

Экономикалық ғылымдар докторы, академик.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін - Павлодар облысының әкімі;

2003 жылдан бастап 2007 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

2010 жылғы желтоқсанда экологиялық энергетика саласындағы компанияны басқарды.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).

ҚазАқпарат

880 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз