Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 18 Қараша, 2014

ОРАҚ пен БАЛҒА ОДАҒЫ

912Ыбырай мен Сыздық – егіз ұғым. Өйткені, «Қызылту» колхозы 1928 жылы құрылса,  «Қызылту» деп атын қойған Сыздық – менің әкем, сол колхоздың тұңғыш төрағасы, Ыбырайдан екі жас кіші інісі; Ыбырай сол ауылдың кетпенін шапқан кәдімгі ауылдың қара кетпені. Ыбырай соғыс басталғанда елудемін деп айт десе, ұяң жігіт ұялшақтығы ұстап, айта алмай әскери комиссариатқа қырық тоғыздамын деп, соғысқа аттанғалы жатыр, дейді. Колхоз төрағасы атына міне шауып, қырық тоғызда екенін дәлелдеп, ақыры, соғысқа бармай бақытын кетпеннен табады.
Одан кейінгі тағдыры колхоз тарихымен тығыз байланысып жатыр. Сөйтіп, 1949 жылы алғашқы Социалистік Еңбек Ерін алса, 1971 жылы екінші Алтын Жұлдызды тағып, қола мүсіні ауыл төрінде тұрды. Бірақ, сол мүсін кейіннен ауыл төрінде қалмады. Жастар мен оқушылардың жанарынан тыс алып кетіп, облыс орталығына апарып қойды. Бұған ел де, жұрт та риза емес, тіпті, алып адамның бейнесі сол жерде тұрғанына кім болса да көңілдері көнши қояр ма екен?! Өйткені, еңбектің нағыз бейнесі сол өз ел, өз жерінде бой көрсетіп тұрғаны дұрыс сияқты. Халық қалауы да осындай.
Кезінде Жазылбек атамыз Ыбырайды іздеп келгенде: «Мен сізді іздеп кеп тұрмын, өйткені қола бейнеңізді өзім болмасам ұрпақтарым осы жерге күндердің күнінде іздеп келеді» деген еді. Сол сөз жерде қалмай, ұрпақтарға үлгі болу керек емес пе?! Бұл сөзді Сәбит Мұқанов пен Дінмұхамед Қонаев та айтқан болатын. Бұлар үшін – еңбектің алыптары үшін тас тұғырлары өз жерінде бой ұсынып тұруы мәртебе екендігі кімге болса айдай ақиқат.
Еңбек – бәрін жеңбек. Осы жолда Ыбырай да, Жазылбек те, Нұрмолда да – еңбекте аттары қалған біртуарлар. Біз ол есімдерді ардақтаймыз, әрі құрмет тұтамыз.
Ыбырайдың қола бейнесі ауыл орталығында тұрса  құба-құп болар еді. Өйткені, жастарды өрлік пен ерлікке тәрбиелеуде ең бірінші осы жерден басталмай ма? Еңбектің алыптарына тәу ету – бұл еңбекке тәу ету емес пе? 1949 жыл мен 1971 жылы еңбекпен дүниені дүр сілкіндірген Одақ пен Балғаның Одағы жұмысшы мен жастардың мәңгі есінде. Некеден өтер тәу етуші жастардың да осы қасиетті мекенді ардақ тұтқаны жөн әрі бардың қадірін білген абзал дер едік.
Жазылбектің қасиетті борышкерлерді іздеп келгенде таппай қалуы да жақсы нәрсе емес. Кетпеннің қасиетін ұмытумен бірдей.
Атамыздың қасиеті қашанда еңбектің бейнесі боп көрінбекші. Еңбек бәрін жеңбек. Орақ пен Балғаның бейнесі қашан да көз алдымызда. Сол бейне бізді жеңістерге бастайды. Үлкен жеңістерге де сол арқылы жетеміз.
Сейітбек ЖАҚАЕВ,
Ыбырайдың ұлы,
көп жыл колхоздың  бас агрономы болған.
Қуандық ТҮМЕНБАЙ,
немересі, жазушы, Шиелі ауданының
құрметті азаматы, халықаралық
Алаш сыйлығының лауреаты.

913 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз