Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 07 Қаңтар, 2015

Rolls Royce көліктерінің сатылуы жағынан 2014 жылы жаңа рекордқа қол жеткізілді

Немістің BMW концерніне тиесілі британдық «люкс» класындағы автомобильдерді шығаратын Rolls Royce 2014 жылы бесінші рет сату бойынша өз рекордын жаңартты.  «Өткен жылмен салыстырғанда сату көлемі 12%-ға артып, 4 мың 63 автомобильді құрады», деп мәлім етті компанияның басқарма төрағасы Торстен Мюллер Отвос. Сатылған темір тұлпарлардың құны 1,2 млрд фунт стерлингтен асады. Deutsche Welle хабарлағандай, көліктердің басым бөлігі АҚШ-та сатылған. Еуропа мен Таяу Шығыста да бұл компанияның көлігіне деген сұраныс жоғары болған. Сәрсенбі күні 2014 жылдың қорытындысы бойынша Ұлыбританияда жаңа автомобильдердің сатылуы туралы ресми мәліметтер жарияланады. Сарапшылардың бағалауынша, көрсеткіш 2,5 млн-ға жуықтап, бұл 10 жыл ішіндегі ең үздік нәтиже болмақ.   inform.kz

998 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз