Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 15 Қаңтар, 2015

"Оты боп жүректе бір ердің..."

poeziya-01Уана салсам ғой балаша тағы, Жылауды сүйдіріп нала жатады. Тағдырым талып, өзегім, кейде, Өмірім өртеніп бара жатады. Хәлімді біле жүріңіз... Өмір-сот үкімі, жас алып қатаң, Жасанды тілекке асалып "Батам" Бір мезет, Кейде, Әттең, Тағы да, Жұтылмас ойларға шашалып жатам. Хәлімді біле жүріңіз...

Ішіңе түнейді, адалы біз деп, Сенімің жаққа жүз кетіп, жүз кеп. Апанға кейде бара жатамын, Шынайы түлкіні шарқ ұрып іздеп. Хәлімді біле жүріңіз...

Тірліктің мынау, толтырып аранын, Күресіп жалғыз, құлап та аламын. Жаныма бір жан жетпейді кейде, Қорғайтын мендік, мәңгілік ар әнін. Хәлімді біле жүріңіз...

Күйбің тірлігін тағы іліп қаланың, Аппақ жүрекке тағылып қара мұң. Көңілім медет таппаған шақта, Сізді іздеп бәлкім жабығып қаламын. Хәлімді біле жүріңіз...

*** Белгісіз, қай күні, қай түні, Қай жанды жаралайтыны. Мезгілсіз батқаны, Белгісіз қайда бара жатқаны, Келеді екеуі....

Белгісіз бүгін бе, кеше ме, Белгісіз көшеде, Белгісіз ғашық екені, Кім кімге асық екені, Әйтеуір, келеді екеуі....

Белгісіз әңгімелері де, Белгісіз жан дерегі де. Сезімге жөтеліп, Аспанды жанармен көтеріп, Келеді екеуі...

Белгісіз Тәңірден сұратқаны да, Белгісіз іштегі сұрақтары да, Кім-кімге жүлде екендері, Не үшін  бірге екендері, Әйтеуір, келеді екеуі...

Белгісіз, нұрға барары, мұңда қалары, Жазылып қалады ма екен «Сырнамалары» Адасты ес неге?! Бір-біріне қарайды да, Ұқпайды ештеңе, Әйтеуір, келеді бірге!

Белгісіз қашан шықты жолға мына, Ессіздік қонғаны ма?! Апарар сол күйме, Қамалып сол күйге, Адасып кетейікші, Бірге!

0376040cba3111e3bd9d120159004dc9_8

***

Тереземнің ар жағы – сенсіз өмір. Сенсіз өмір мәні ме таңдағаным?! Маңдайымнан сыйпамас онсыз да өмір, Таңдайыңнан босатшы ән қамалын.   Тереземнің ар жағы – моншақ жаңбыр, Ал мендегі моншақтар құрықтаулы. Арнағым-ақ келеді ән саған бір, Даусымдағы моншақпен құлыптаулы. Тереземнің ар жағы – өткен күндер. Ренжісулер, жүректі тергегенің. Ол шақтарды көңілім көктемім дер, Өткен күнді ұмытқым келмей менің. Тереземнің ар жағы – кездесулер, Қақ-қағым сәт, содан соң ғайып болу. Бәлкім мені ойлардың кезбесі дер, Ақын қызға сүйе алмау – айыпталу. Тереземнің ар жағы – сенің бейнең. Барша жұрт күлімдей ме саған ұқсап. Сыбырлайтын сияқты маған кей дем, Сеніміңнің бұлағын маған тұсап. Әйнегімнің тұнығы ақтық дәрмен, Тым болмаса көрінші сағынғанда. Мен де кетем бір күні ақ бұлттармен, (Күлдір етіп терезем шағылғанда) Шағымданба! *** Бір күні... Әйтеуір, бір күні, Елітіп үрімнің үр гүлі, Естіліп сырғаның сыңғыры, Бергізіп жасауын, айттырып, Еншіге қалың мал мыңғыры. Той жасап әлемге қырық күн, Отыз күн ойын ғып, қырық түн. Ең ұлы мақсатым отым деп, Жолында қалам деп ұлықтың, Кетерсің... Бір күні... Әйтеуір, бір күні, Жырымның аялап күмбірі, Естілмей өткеннің дүңгірі, Ешқандай ой салмай, үңілсем, Бақшамда өсетін мұң гүлі. Тайсалмай, қайғыға берік боп, Бұйрығы, әмірге жерік боп, Оты боп жүректе бір ердің, Ошағын сөндірмей, серік боп, Өтермін... Ұмыт боп қалады, қалады, Қалады жазусыз қаламы, Тоңдырып өткені, көктемі, Жарының жылытып қабағы. Ғайып боп кетеді базар күз, Көктемге өзге хат жазармыз. Еске сап сол бір ән, біз бәлкім, Сол күнді бәрібір қазармыз. Бір күні... Әйтеуір, бір күні. *** Үнсіздік – Сөзі көп тағдырлар. Бесігі - шайқалған тамбурлар. Шыңғырған, жаумаған жаңбыр бар, Біліп пе ең?! Біліп пе ең, тумайтын күндер бар, Кетпейтін түндер бар, Жумайтын, шаймайтын кірлер бар, Адамның ішінде. Санамның күшінде (Үнсіздік үшін бе?) Мылқау ой сайран сап барады, «Айқайлар» пішінде. Арбаңа әлемді  тиегін, Жасырып мінсіздік сүйегін. Әлемді қырттықтан құтқарар сен ғана, Үнсіздік, сүйемін! Сен де сүй, сүй оны, ардақтым! Сағыныш әніндей солдаттың, Түндерде келмеші құлаққа, Құлыптап есігін жан-жақтың. Жанарда тұрмашы, жан сыздар, Сенсіз хәл, жақсы емес онсыз да, ал?! Ең Ұлы майданды бастайық оданда, Үнсіз қал! Үнсіз қалайын!  

Жарқыннұр Болысхан,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік

 университетінің филология мамандығының

IV курс студенті

1402 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз