- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 23 Қаңтар, 2015
Калачидегі жұмбақ аурудың себебі ауада ма?

Ақмола облысының Калачи ауылындағы жұртқа беймәлім жұмбақ ауруға қатысты бүгінде әрқилы пікірлер айтылуда. Энцефалопатия жағдайы немесе "ұйқы ауруына" шалдыққан тұрғындар саны күннен-күнге көбеюде. Ауыл тұрғындарының науқас адамды көргендегі пікірлері мынадай: "Ол (науқас) кәдімгі мас адам сияқты жүреді, кейбір нәрсені сезеді, кейбір нәрселерді сезбейді, автопилоттағы сияқты, ал төсекке жатқызылса қатты ұйқыға кетеді" дейді. Бірақ кейбір ұйықтағандар толықтай есін жоғалтып алмай, сөйлейді, тіпті жүреді екен. Алайда есін жиып, өзіне келгендерінде бұл жағдайды естеріне түсіре алмайды.
"Бір әйел Ресейдегі қызымен телефонмен сөйлескен, бес күннен кейін, оған телефонда сөйлескенін, хат жібергенін айтқанда, еш нәрсені есіне түсіре алмаған", дейді есімін айтпауды өтінген азаматша.
Бұл ауру ең алғаш санаулы адамдарда 2013 жылы көктемде басталған. Дәрігерлердін айтуынша, тұрғындар, оның алдында да аталмыш жағдайды айтып шағымданған. Содан бері, 600 тұрғыны бар ауылдың 100-ден астамы "ұйқы ауруына" шалдыққанын айтқан. Өткен жылдың желтоқсан айының соңынан бері, аурумен байланысты 40 түрлі жағдай тіркеуге алынған. Тұрғындардың айтуынша, "ұйқы ауруы" тағы да қайталана бастаған. Дәрігерлер ауру белгілері ретінде, дәрменсіздік, бастың айналуы, ұйқысырау, галлюцинация және бағытынан адасу сияқты жағдайларды көрсеткен. "Аурудың белгілері, әсіресе, Красногорск поселкесі мен Калачи ауылында байқалған", дейді Есіл аудандық емхана дәрігері Татьяна Протасова. Аурудың негізгі белгісі үлкендер де, балаларда 10 күнге дейін ұйықтап қалады. Мамандар мұндай жұмбақ көріністердің анық себебін білмей жатыр. Үкіметтік комиссия құрылып, аймақта тексеру жүргізілуде.
Ғалымдардың айтуынша, ауруға радиация себеп болуы мүмкін. Бұрын Калачи ауылында уран кеніші болып, 1990 жылдары жабылған. Бірақ, Радиация қауіпсіздігі институтының басшысы Сергей Лукяненко тексеру тобы ауылда жұмыс істеп жатқанын, ешқандай әдеттен тыс нәрсе таппағандықтарын айтады.
"Біз барлық үйлерге кіріп шықтық, гамма-фондарды өлшедік. Бұл жерде радиация жоқ. Радон концентрациясының жоғарылығы қалыпты жағдай. Бұндай ауылдар дүниенін барлық бұрышында бар. Алайды, аталған жағдай ол жерлерде кездеспеген", дейді ғалым. Оның айтуынша, тексерулер ауада иіс газы жиналғанын көрсеткен, жұмбақ ауру сонымен байланысты болуы мүмкін. Калачи ауылы қарайтын, Есіл ауданы басшылары әзірге ауыл тұрғындарын көшіру жайында ешқандай әңгіме жоқ екенін, адамдар өздері де көшуді қаламайтындықтарын айтады. Десе де, адам денсаулығы мен өміріне қауіп тудырып отырған беймәлім ауруды алдын-алу бағытында нақты қадамдарға бару кезек күттірмейтін іс мәселе болып отыр.
Дәурен ӨМІРӘЛИ

1497 рет
көрсетілді0
пікір