Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қаңтар, 2015

Суық тигенде көмекке келетін 7 тәсіл

Күн суытқан сайын, адамдар арасында тұмаудың жиілейтіндігі анық. Тұмау мен оның салдарынан туындайтын асқынулардың алдын алу үшін ең алдымен ағзаның иммундық жүйесін  жақсарту қажет. Қазір тұмаумен екінің бірі ауырады. Себебі адамдардың ағзасы инфекциялық ауруларға төтеп беруге тым әлсіз.Тұмаудың алғашқы белгілері пайда бола бастаған кезде  дәріханаға  аттанбастан бұрын, төмендегі табиғи өнімдердің көмегіне жүгінгеніңіз абзалырақ. Химиялық жолмен жасалған дәрілік заттардың пайдасы мен зияны қатар жүретіндігін естен шығармайық.  Себебі барлық дәрілік препараттар  бауырымызды зақымдайды. 1 1.Суық тиюдің алғашқы белгілерінде пиязды ұнтақтап, оны  күніне 3-4 рет иіскесеңіз, ауру белгілері біртіндеп жойыла бастайды. 10 2.Лимонды қабығымен қоса майдалап турап, өсімдік  майымен араластырыңыз.Дайын болған қосындыны  мұрныңызға күніне 3-4 рет жағыңыз. Бұл жақпаны сонымен бірге табаныңызға, құлағыңыздың сырт жағына, және қызыл иегіңізге де жағуыңызға болады. 2 3.1,5 литр қайнаған суға 1 ас қасық тұз,1 тал лимон шырыны мен1 г аскорбин қышқылын қосып  ішсеңіз, ағзаңыздың жағдайы жақсарады. скачанные файлы (1) 4.Лимонды 1 минутқа ыстық суға салып, қабығымен қоса ұнтақтағыштан өткізіңіз. 100 г сары маймен және 1-2 ас қасық балмен араластырып, әр үш сағат сайын 1ас қасықтан ішіңіз. бал 5.Ыстығыңыз көтерілсе, ұнтақталған 2 картоп пен 1 ас қасық алма сірке қышқылын араластырып, дайын болған қоспаны шүберекке немесе марліге жағып, маңдайыңызға басыңыз. 2 сағаттан соң басқа марліге ауыстырыңыз. картоп2 6.Тамағыңыз жұтқызбаса, 4 ас қасық кептірілген таңқурайға 500 мл мөлшерінде  ыстық су құйып, 20 минут тұндырыңыз. Ұйықтар алдында шырынның 2 кесесін ішіңіз. Аталған шырынмен тамақты шайқауға  да болады. 120328144247-120328192534-p-O-malina-sushenaja 7.Тұмаудың жұғуын болдырмас үшін қызыл иегіңізге сарымсақ жағып жүріңіз. скачанные файлы (2)   Синоптиктердің алдағы күндерге берген болжамы бойынша, елімізде  күн қатты суытып, термометр көрсеткіштері 40 градусқа баратындығын ескерсек, жоғарыдағы кеңестерге жүгініп, тұмаудың алдын алуды ұмытпайық.  Ең абзалы – ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Әзірлеген Үміт Жұмаділова

http://takprosto.cc/

44714 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз