Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 27 Қаңтар, 2015

Кітаптан үркетін ұрпақ өсіп келе ме?!

1371551424_0704.1000x800    Біздің  қоғамда  кітап  оқитын  бала  бар ма? Көптеген  кітапханалар  қаңырап, бос  тұр.  Балалар  басылымына, балалар  әдебиетіне   басын  имейтін  ұрпақ  өсіп  келеді. Күйінетін  жағдай.  Қазіргі  оқушылардың - тілі  шорқақ, сөз  байлығы  аз, сөйлеу  мәдениеті төмен, ойы  шашыраңқы, тіл  тазалағы  аралас  болып  барады.  Неге? Себебі,кітап  оқымайды. Көретіндері- шетелдің  ұсқынсыз  мультфильмдері  мен  киносы.  Білетіндері - компьютер, ұялы  телефон. Өкінішті. Жеке  адамның  күйреуі  деген  не? Рухани  кедейлену. Кітап  оқып, баспасөз  беттеріне  көз  жүгіртпеген  баладан  не қайыр, не  үміт?  Жаңа  технология  дәуірінің  дамуы  өскелең  ұрпақтың  рухани  кедейленуінің  тоқтаусыз  процесі.  Рухани  қайыршылыққа  ұшырап, қайшылықтардың  түнегінде  қаңғырып  қалған  жасөспірімнің  бұлыңғыр  болашағынан  не  күтеміз?  Біздің  кітап  оқы  деп  тырбалған  әрекетіміз  күннен - күнге күлкілі.  Бұл  әрекет  біз  үшін  әрқашан  аянышты.  Кітап  оқымайтын  қаһармандар  барған  сайын  ұсақталып, психикалық  жағынан  барған  сайын  құнсызданып  барады. Осы  жағдайды   сезініп, аһ ұрып  жанталасатын, өзінің  рухани  кедейлігінен  өзі  ұялып,қызаратын, сөздік  қорының  жыртық -жамауын  жасыратын, таудан  тасқа  ұрынып, қайыршылықтан  құтылудың  жолын  іздейтін  ұрпақ  өсер  ме  екен?!  Алдағы  күндерде  кітапхана  ішінде  ине  шаншырға  орын  жоқ  болып, оқырман  залдарында  ығы - жығы  жасөспірімдер  жүріп, кітап  сөрелеріндегі  шаң  басқан  кітаптар  қолға  алынып, сарғайған  беттері  парақталып,  оқырманымен  қауышып, рухани  дос  болатын  күн  келер  ме?! Әй,қалай  десекте  компьютер  басты  ұрпақ  тәрбиелеп  келеміз  ғой... Болашақта  байқамай  жүріп  рухани  ашаршылыққа  ұрынып  қалмасақ  жарар  еді.  

Елдос  ТОҚТАРБАЙ

1511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз