Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 27 Қаңтар, 2015

Қабылбек Рамазанұлы: Әкемнің Әлихан жайлы әңгімесі(видео)

alihan-bokeihan Bokeikanov Былтыр бір шаруамен Балқаш қаласына барған едік. Сол сапарымызда сұңғыла бір қариямен таныстық. Әкесі Рамазан  әйгілі Әлихан Бөкейхановтың атқосшысы болған адам екен. Біз бірер айдан соң қарияға  қайырылып соғатынымызға уәде берген болатынбыз. Сол сертіміздің сәті  түсіп,  сексеннің алтысына қадам басқан  Қабылбек ақсақалмен алты сағатқа жуық дидарласып, әңгімесін бейнетаспаға жазып алдық. Мына төмендегі жанымыз ауыра отырып жарты сағатқа қысқартқан бейнебаян көп әңгіменің көзмоншақтай бір үзігі ғана. Барлығын  толықтай беруге көрерменнің уақытын аядық. alash Біз көбінесе Алаш арыстарын  айтқанда сірескен ресми даталар мен  дәрежелерден (автобиографиясынан) арыға бара алмай жатамыз. Ал мына бейнебаяннан Әлиханның азаматтық өмірі мен кісілік келбетінен мол мағлұмат аласыздар.  Әңгіме барысында айтылатын  көшір  (ат арба тізгіншісі) бүгінгі шофёр.  Құрметті оқырман, осы орайда сізге қояр бір сауалым бар. Бүгінгі шенеуніктің шофёрі күн ертең болғанда сол бастығын еңіреп тұрып еске алатынына қаншалықты сенімдісіз?  Әрине, берілер жауаптың қандай болатындығын  ішіміз сезетін секілді. Осы бір аз ғана деректен Әлиханның «жақсыда жаттық жоқ» деген қазақ ғақлиясына тұтас тұлғасымен үлгі болғандығын көреміз.  Әмәнда  шын зиялы «толық адам» осылай болса керек. Ағайынға айтпағымыз  алтын уақытыңыздың жарты сағатын қиып көріп шығыңыздар. Өкінбейтіндеріңізге өзім кепіл. qamshy.kz

1256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз