Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 03 Ақпан, 2015

Амангелді Кеңшілікұлы: "Мен әдебиетке келіп жатқан жастарды аяймын"

Мен әдебиетке келіп жатқан жастарды аяймын. Өйткені олардың үлгі-өнеге алатын, жол көрсететін, нені оқу керек екенін үйрететін рухани ұстаздары жоқ. Біздің қоғамда шәкірт тәрбиелеу үрдісі жойылып кетті. Бүгінгі ақын-жазушыларымыздың көбісі, әсіресе, әлем әдебиетін жалпылама оқыған. Мынау біледі деп, көкке көтеріп жүрген жастарымыздың көпшілігі - интернеттен бірдеңені шала-пұла шолып, білгішсініп жүрген «данышпандар». Ұлы әдебиеттің не екенін білмегендіктен тарихты немесе дінді әдебиеттің «предметіне» айналдырғысы келіп, өнердің жолынан адасып, өзгелерді де шатастырып, жалған өнер жасап жүрген ақын-жазушыларымыз қаншама. Тарихи тұлғаларды жаппай мақтауды көркем шығармашылыққа айналдырудың көздеген мақсатын түсіне алмай-ақ қойдым. Сіздер ұқсаңыздар, түсіндіріп беріңіздерші, маған. Ең болмағанда бір уақыт Еуропа әдебиетіне назар салып, тарихи жанрдың не себептен тығырыққа тірелгенінің себебін таразыласақ та көп нәрсені түсінер едік-ау. Әйтпесе, Шекспир немесе Гюголардың тарихи тұлғаларды асыра дәріптеп драма немесе роман жазуға ой-өресі жетпеді деп ойлайсыз ба? Біздің бүгінгі әдебиетіміздің бет алған бағыты «Білме және білгеннің тілін алма» болып бара жатқан жоқ па осы. Таяуда өте талантты сыншы ағам Тұрсынжан Шапаймен әңгімелескенімде ол маған «өзін-өзі жарнамалау біздің ұлттық идеямызға айналды» деген болатын. Шынында да біз өзімізді тым керемет әулие санайтын ауруға шалдығып қалған жоқпыз ба, осы.

(Фейсбугтегі парақшасынан).

1796 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *