Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • ҮРКЕР
  • 04 Ақпан, 2015

Көкек ана, көкек әке ұяң қайда?!

                 Өмір. Өмір – үлкен  театр. Біз  адамдар – небір рөлді  сомдап жүрген  әртіспіз! Өмір  сахнасында  шыңдаламыз. Өмірдің  ащысын, тәттісін де көреміз. Қайтеміз, төземіз. Өз тағдырың - өз қолыңда.  Мен де  бұл  мәселені  жетіскенімнен жазып  отырғаным жоқ.  Өмірдің  тепкісін, езгісінде күнде  көріп жүрмін. Мен қозғайын деп отырған мәселе – тастанды бала, жетім сәбидің тәрбиесі, өмірі болмақ. LcSclM8pt-4 Күнделікті  өмірдің  көрінісін жасасам. «Алысқа арбаламай, жақыннан дорбала»  демекші  өзім сүріп жатқан  өмірімнен сыр тарқатам. Өмірге  қарап  таңырқанам...тамсанам...кей тұста әттеген -ай деп  бармақ  тістеймін. Менің жаным ашиды барлығына: тастанды  баланың  тағдырына, көкек ананың қылығына?! Мысал келтірсек  орыстың   «Союзмультфильмінде»  көкек құсы қарлығашқа былай дейді: «Мен еркінмін. Бөтен ұя, менің ұям! Қайда барғым келсе, сонда барам». Міне, көкек құсы секілді бауыр еті баласын  тастайтын ана – көкек  құсы тәрізді емеспе?! Көкек ана! Сен тоғыз  ай құрсағыңда  жазықсыз бейшара жас тұлғаны көтердің, дүниеге әкелдің. Неге  перзенттіңді туасала тастадың?! Сен балаңның   анасыз өсетін  бұлыңғыр болашағын ойладыңба?! Көкек ана! Сен  балаңды ақ сүтіңмен емізіп, бесік  тербете  ән шырқадың ба?! Сен балаңа аналық  махабаттыңды  бере алдың ба?! Сен балаңа медеу болып, жан жылуыңды  төге  алдың ба?!Сен балаңа кешкісін ұйықтар алдында ертегі,әңгіме оқыдыңба?! Балаңның жалайығын жуып, ауыстырдыңба?! Көкек ана! Сенде  бір анадан жаралғасың ғой?! Сенің жүрегің  бар, сен перзенттіңді сағынасың ба?!  Көзі мөлдіреген  тастанды жетіміңді көргің келеме?! Көкек ана! Сен балаңның тағдырынан хабардарсыңба?! Сен балаңның құм үстінде иіріліп ойнағанын, мектепке алғаш барғанын, әліппені ашып оқығанын, сабақтан бестік алып қуанған жүзін  көрдің бе?! Көкек ана! Балаңның оңаша отырып жылағанын, сенің жүзіңді көргісі келгенін сездіңбе?! Балаңа өзге ата -анасы түгел балалар  мазаққа салып «жетім» дегенін естірткің келдіме?! Көкек ана! Балаңның туған күнін білесіңбе?! Туған күнін балаңмен бірге қарсы алдыңба?! Балаңның  бойжеткенін, мектеп бітіргенін көріп, қуанышын бөлістіңбе?! Көкек ана! Шүкір! Сенің балаң тірі. Аман сау. Оқуы  жақсы. Үлгілі бала. Тәрбиелі. Ешкімнің босағасын аттап нан сұраған жоқ, көшеге шығып шыны ұстап, ары өткен, бері өткенге алақан жайған жоқ?! Көкек ана! Сенің балаңның жүрегінде  үлкен сызат бар! сенің  балаң ешкімге  «Ана» демеді, демеседе осы үш әріптің қадірін түсінеді, сенсіз ащынады. Өзгелердің анасын көргенде жылайды, ысылады. Көкек ана! Көкек әке! Қайдасыңдар?! Ұяларың қайда?! Сендердің перзенттерің өзге ұяда жатқан шіріген жұмыртқама?! Жоқ, сендердің перзенттерің саналы, мейірімді. Ол терезеге телміре қарап, сендерді күтті! Жетімдер үйінде  жылап, сендердің                ата - аналық  сүйіспеншіліктеріңді аңсады. Сендердің сәбилеріңе рухани ықылас, отбасылық  жылу жетіспеді! Сендердің перзенттерің – «құлыншағым», «ботақаным», «шынарым» деген сөздерден бейхабар! Сендердің  сәбилерің  берекелі отбасыны армандады...жетімдер үйін паналағанымен сендердің орындарың ерекше болды... Ата- аналар  менің тілегім тастанды  балалардың саны азаюы, жетімдер үйінің  болмауы!Ата -ана  сіздер қарлығаш  құсындай  мейірбан, адал, қамқор, сары  ауыз балапандарын  егіле  сүйетін құстай болуларыңызды  қалаймын! Мен сіздерді кешірем, қалай болса да сіздер мені жарық дүниеге әкелдіңіздер?! Құрметті әлеумет! Мен де ертеңгі болашақ әкемін. Мен өмірден үлкен сабақ алдым. Отбасымның шырқын бұзбаймын. Арақ, ішімдіктен аулақ боламын. Бірде –  аш, бірде – тоқ боп жүрсе  дағы, Біз сияқты  жетімдер шынайы  бақыттылар!!! Құрметті  ата-ана! Сәбиіңді аяла! Аңыратып, көз жасын  сорғалаттып, тастама! Сенің балаңның  көзі мөлдіреп, құрлық асып,өзге мемлекетте, өзге ұлт арасында, өзге текті,өзге есімді  жамылғанын қалайсыңба?! Сендер өмірге сәби әкелдіңдер, перзенттіңді өсіріп, қарауға міндеттісіңдер!!! Сендердің балаларың қуыршақ емес, тағдырымен ойнайтын! Өмірім – теңіз, тағдырым – толқын  тулаған, Сансыз  сұрақтар жанымды менің қинаған,                                дегендей  өмірдің тепкісін жеп, сергелдеңге түскен жандарға қарасаң ащынасың?! Қайтпексің, тағдыр... Отбасы  тамырың  терең болу үшін, діңгегіңді  ішімдік  құртынан сақта, сабағыңды  нашақорлықтан қалқала! Ел  боламын десең бесігіңді  түзе...  

 

Елдос   Тоқтарбаев

 

6418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз