Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 05 Ақпан, 2015

Бекнар белестері

MMA Xplosion and Millennium Events presents USA vs. Kazakhstan, a night of action packed professional fights at The Joint at Hard Rock Hotel & Casino in Las Vegas, Nevada. Mandatory Credit: Ray Kasprowicz-WWW.ULTRAVISTA.COM Спорт саласында Бекнар Бөрібайұлы Аманбаевтың есімі Алаш жұртына ғана емес, әлемге танымал. 2003 жылы джиу-джитсудан қалалық турнир жеңімпазы, 2004 жылы джиу-джитсудан Алматы облысының ашық турнирінің жеңімпазы, 2005 жылы джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы, 2006 жылы әскери самбодан Қырғызстан чемпионы, 2007 жылы ережесіз жекпе-жектен Тараз қаласының жеңімпазы және валетудодан Қырғызстан чемпионы, 2008 жылы Панкратионнан Азия чемпионы, сондай-ақ Қырғызстанда өткен «Илбирс» титулының иегері, 2009 жылы Ережесіз жекпе-жектен Еуразия және ТМД чемпионы, 2010 жылы Алматы қаласында өткен «WAFC» тұжырымының жеңімпазы, 2010 жылы Лас-Вегас қаласында өткен «MMAXPLOSION» Қазақстан-АҚШ және «MMAXPLOSION» Қазақстан-Мексика жеңімпазы атанған спортшының жетістіктері баршаға аян. Қазіргі таңда талантты жастарды спортқа баулып, тәрбиелеп келе жатқан әлем чемпионымен әңгімелесудің сәті түсті. – Сіздің ережесіз жекпе-жекті таң­дауыңызға не себеп болды? Бұған дейін спорттың қай түрімен шұғылданып едіңіз? – Негізі ең алғаш өзімнің туған жерімде еркін күреспен, кейін Алматы қаласына келіп бразилиялық джиу-джитсумен айналыстым. Ал ережесіз жекпе-жекті таңдаған себебім, ол жерде қазылардың, төрешілердің бұра тартуы жоқ. Басқа спорт түрлерінде мұндай бұра тарту кездесіп жатады. Сондықтан да спорттың осы түрін таңдадым. – Джиу-джитсудан Қазақ­стан­ның екі дүркін чемпионы еке­ніңізді жақсы білеміз. Өзіңізге қайсысы жақын? Ережесіз жекпе-жек пе, әлде джиу-джитсу ме? Ережесіз жекпе-жек тек маған ғана емес, жалпы Алаш ұлдарының бәріне жақын десем артық айтқандық емес. Қазіргі бәсекелестік заманында ережесіз жекпе-жекке шығып, дайын­далып жүрген спортшы жан-жақты болуы тиіс. Спорттың бір ғана түрін жетік меңгеру жеткіліксіз, кем дегенде екі спорттың қыр-сырын білген абзал. Ал джиу-джитсу күресі ережесіз жекпе-жектің айырылмас бөлігі, өйткені бұл күрес өнерін білмесең жекпе-жекте табысқа жете алмайсың. – Кейінгі жылдары елімізде ережесіз жекпе-жекке ден қойып жүрген қазақ жастарының қатары көбейіп келеді. Мұның себебін немен түсіндірер едіңіз? – Біріншіден, жоғарыда айтып өтке­німдей, бұл спортта қазылар мен төрешілердің бұра тартуы жоқ, шаршы алаңдағы мықтының ғана қолы көтеріледі. Екіншіден, қазіргі таңда бұл спорт түріне жарнама көп, сонымен қатар «UFC», «Bellator», «One FC», т.с.с. сияқты үлкенді-кішілі жекпе-жек ұйымдарының жарыстарын теледи­дардан, ғаламтор желілерінен көп көрсетуінен деп есептеймін. – Әлемдік деңгейде алып қарайтын болсақ, қазақ жігіттерінің мүмкіндігін қалай бағалайсыз? – Қазақ жігіттерінің мүмкіндігі қай спорт түрінен алсақ та жоғары. Кез келген спорт түрінің шыңынан көрінетіндей қазақ жігіттерінің ерік-жігері жетеді. Бірақ материалдық тұрғыдан, мемлекет тарапынан қолдау болмағандықтан біздің жігіттер әлемдік деңгейде көріне алмай жүр. Өз басым бәрі алда деп есептеймін, бүгін болмаса да ертең біздікілер жекпе-жектің хас шебері кімдер екенін әлемге мойындатады деп сенемін. – Шаршы алаңға шығар кезде өзіңізді психологиялық тұрғыдан қалай дайындайсыз? Мұны сұрап отырған себебім, біздің спортшылардың дайындығы бар болғанымен, психологиялық дайын­дықтары жағынан кемшін түсіп, кейде жеңіліп қалып жататыны жасырын емес. – Әрине, психологиялық дайын­дық­сыз спортшыға сегізбұрышқа шығып қажеті жоқ, өйткені дене дайын­дығы қанша қажет болса, психологиялық дайындық та сонша маңызды. Бұрынғы батыр ата-бабаларымыз жекпе-жекке шыққанда кеудеден жан шыққанша айқасатын болған, сол бабаларымыздың жүректілігі, қайтпас қайсарлығы бүгін қажет-ақ. MMA Xplosion and Millennium Events presents USA vs. Kazakhstan, a night of action packed professional fights at The Joint at Hard Rock Hotel & Casino in Las Vegas, Nevada. Mandatory Credit: Ray Kasprowicz-WWW.ULTRAVISTA.COM – Қазақтың жігіттеріне қандай қасиеттер тән болуы керек деп санайсыз? – Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бір айтысында: «Жігіт жү­ректі болу керек» дегенді айтып еді. Мен ол кісінің сөзіне қосыламын. Ер жігіттің бойында болуы тиіс басты қасиет ол – жүректілік пен сабыр­лылық. Кез келген жерде, тіпті сегізбұ­рыш­та болсын сабырлы болу шарт. – Сіздің жаттықтырушы болып, шә­кірт тәрбиелеу жолында еңбек етіп келе жатқаныңызды білеміз. Бола­ша­ғынан үміт күтетін шәкірттеріңіз бар ма? – Әрине, үміт артатын шәкірттерім көп. Қазақта «Ұстаздан шәкірт озар» деген жақсы сөз бар, шәкірттерім осы күнде «жекпе-жектен» Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпаздары, грепплинг, джиу-джитсу күрестерінен Қа­зақ­стан және Қырғызстан чемпиондары болып табылады. Ертең әлемдік дең­гейде өнер көрсетіп, биік белестерді ба­ғын­дыратындарына кәміл сенемін. – Америкада өткен жекпе-жектердің екеуінде де жеңіспен оралдыңыз, осы кезде қандай көңіл-күйде болдыңыз? – Оны тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! Ондай сезімге бөлену үлкен бақыт. – Алда қандай жоспарыңыз бар? – Жоспар көп, бірақ әзірше ештеңені ашып айтпай-ақ қояйын, бәрін алда өздеріңіз көре жатарсыздар. Алаштың көк туын әлі талай биіктерге көтеріп, желбіретеміз... – Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Динара МАСАКОВА

1370 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз