Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • TENGE MONITOR
  • 18 Ақпан, 2010

ӨЗ ҮЙIН БАЛАБАҚШАҒА... айналдырғысы келедi

Елбасы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Балапан» бағдарламасы негiзiнде мемлекетiмiзде барлық балаларды мектеп жасына дейiнгi оқыту және тәрбие берумен қамтамасыз етуге айрықша мән бердi. Қаншама жылдан берi түйiнi тарқамаған түйткiлдi бiлiм саласындағылар шағын орталықтар мен жекеменшiк бақшалар ашу арқылы шешудi ұйғарған болатын. Игi бастаманың жүзеге асырылуына қолдау бiлдiрiп жатқандар Шымкентте де аз емес екен.

Жақында қала әкiмдiгiнде өткен жер комиссиясының кезектi отырысында бiрнеше тұрғынның баспаналарын балабақшаға айналдыру мақсатында жазған өтiнiштерi қаралды. Атап айтар болсақ, Дизельная көшесi, №1 үйдiң иесi Ақмарал Iзбасқанова өз өтiнiшiнде бұрын жер телiмiнде салынған үйiн мектепке дейiнгi мекеме етiп қайта жабдықтайтынын айтқан. Нысанның сәулет және қала құрылысы регламентiнде көрсетiлген талаптарға қайшы келмейтiнi анықталып, комиссия мүшелерi келiсiм бердi.

«Отырар» шағынауданы, №131 үйдiң тұрғыны Мадина Сәрсенбаева өз меншiгiндегi жер учаскесiне салынған баспанасын балабақшаға айналдыруды жоспарлап отырғанын баяндаған. Сұраныс қанағаттандырылып, сала мамандары 25 орынды бөбекжайдың ашылуын бiрауыздан қолдады.

1243 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз