Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Ақпан, 2015

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының жоспары бекітілді

600_fff0a69f7099b44998a189bcd7a448ebБүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің жоспарын бекітті.  Бұл жоспарды Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ОСК төрағасы  таныстырды.  "Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен 2015 жылдың 26 сәуіріне белгіленген ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының дайындығы мен оны өткізу жөніндегі негізгі шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес, президенттікке кандидаттарды ұсыну осы жылдың 26 ақпанынан басталып, 15 наурызда аяқталады", - деді Тұрғанқұлов. Оның айтуынша, кандидаттарды ұсынуға белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктер құқылы, сондай-ақ азаматтардың өзін-өзі ұсынуына да болады. "Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны осы жылдың 26 наурызынан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады", - деді Тұрғанқұлов. Айта кетейік, ҚР Конституциясына сәйкес Ол Мемлекет басшысы сайлауына жасы 40-тан асқан, туғанынан Қазақстан азаматтығын алған, мемлекеттік тілде сөйлейтін, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұрған азамат түсе алатынын айтты. kazgazeta.kz

930 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз