Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 26 Ақпан, 2015

Нұротандықтардың «үштен бірі» қатысқан жиын

11030962_399009900260432_2009382246_o «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың кезекті XVI-шы Съез шақыру туралы Қаулыға қол қоюына орай өңірлік филиалдармен өткен селекторлық жиынға жұртшылық тарапынан осындай баға берілді. Онда партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек а.ж. 11 наурызда өтетін айтулы шараға қатысатын делегаттарды сайлауды тапсырды. «Бүгінгі жиналысқа «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшылығы, өңірлік филиалдар басшыларының бірінші  орынбасарлары, еліміздің барлық аймақтарынан 300 мыңдай партия мүшесін қамтитын 308 бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысып отыр. Бұл – барлық нұротандықтардың үштен бірі», - деп атап өттіБ.Байбек. «Біз бүгін осындай кеңейтілген форматта «Нұр Отанның» алдында тұрған мақсаттарды нақты әрі жедел жеткізу үшін әдейі жиналып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, кеше Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 26-шы сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ал, бүгін таңертең партия Төрағасы алдағы 11-ші наурызда «Нұр Отанның» кезекті XVI Съезін өткізу жөнінде Қаулыға қол қойды. Осыған байланысты, біз бір аптаның ішінде партия жарғысына сәйкес Съезд делегаттарын сайлауымыз керек», - деді ол. Саясаткердің айтуынша, 26-шы 28-ші ақпан аралығында бастауыш партия ұйымдарының  жиындарында, одан кейін, 2-ші 3-ші наурызда партияның аумақтық филиалдарының конференцияларында, ал, наурыздың 4-і 5-і күндері партияның өңірлік филиалдары конференцияларында бұл мәселе шешімін табуы керек. 10997258_399009060260516_975167870_n Айта кетейік, Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 1200-ден астам, оның ішінде облыстық мәслихаттардағы партияның депутаттық фракциясының жетекшілері, шалғай ауылдардың өкілдерін қосқанда 200-ден астам бастауыш партия ұйымының төрағасы, сондай-ақ, 100-ден астам ардагер мен партия белсендісінен құралған делегаттар тобы қатысады деп жоспарлануда.  

944 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз